Елдегі білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінің басым бөлігі жылыту маусымына тыңғылықты әзірленген. Алайда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы жылу беруге әлі де толық дайын болмай отыр. Бұл туралы Үкіметте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты. Одан бөлек ведмоства басшысы тағы бір маңызды мәселені көтерді. Министрдің сөзінше, коммуналдық саладағы халықтың қарызы да сапалы қызмет көрсетуге кедергі болып отыр.