Түркістан
EN

Түлкібас ауданында алма теру науқаны жүріп жатыр

19
25.08.2026

Түлкібас ауданының бағбандары елде алғашқылардың бірі болып жеміс жинауға кірісті. Табиғаты мен климаты бау-бақша өсіруге өте қолайлы бұл өңірді жұртшылық ежелден алманың отаны деп біледі. Бүгінде аудандағы алма бақтарының жалпы аумағы 3 мың гектардан асады. Жергілікті шаруалар өнімділікті арттыру үшін жеміс көшеттерін Италия, Польша және Түркия сияқты жетекші елдерден арнайы алдырған.