Түркістан
EN

Сырдария өзенінде суға кеткен екінші азаматтың денесі табылды

19
25.08.2026

Үш күннен бері іздестіріліп жатқан екі азаматтың денесі судан өлі табылды. Оқиға 22 тамызда Сырдария өзенінде болған. 2002 жылы туған азаматтың денесі кеше суға түскен жерден 6 шақырым қашықтықтан табылған болатын. Ал бүгін 28 жасар  ағасының мәйіті жазатайым жағдай болған жерден  30 шақырым жерден шығарылды. Іздестіру жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника мен дрон жұмылдырылды.  Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылмауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.