Су тапшылығы мәселесін шешуге енді мектеп оқушылары да білек сыбана кірісті. Астанада жас өнертапқыштарға су үнемдеудің тың жолдарын ойлап табуға мүмкіндік беретін «AQUA LAB» зертханасы ашылды. Мұнда балалар нағыз ғалымдарша тәжірибе жасап, түрлі STEAM-жобаларды өздері құрастырады. Жоба негізіне мұғалімдерге арналған «Су сандығы» халықаралық әдістемесі алынған. Қазірдің өзінде бұл бастамаға елордадағы 20 тірек мектебі қосылып үлгерді. Алдағы уақытта жас ғалымдардың ең мықты экологиялық жобалары іріктеліп, қаладағы басқа да білім ордаларының оқу процесіне енгізіледі.