Түркістан облысы Жетісай ауданындадағы соғыстың соңғы ардагері Петр Папковқа құрмет көрсетілді. Қарияға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мерекелік құттықтау жолдаған. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 1 млн теңге берілді. Демеушілер де өз қалтасынан 300 мың теңге мен мерекелік себет тарту еткен. Ал соғыс ардагері өзін жеңіс күнімен құттықтап келгендерге алғысын жаудырды.