Түркістан
EN

Қазақ күресінің көкжиегі кеңейді

10
25.08.2026

Бакуде өткен қазақ күресінен Әлем чемпионаты аясында 12 ел ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қазақ күресін халықаралық деңгейде дамытуға, ұлттық федерациялар арасындағы байланысты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Меморандумға Грузия, Үндістан, Филиппин, Иран, Италия, Қырғызстан, Литва, Молдова, Нидерланд, Польша, Тәжікстан және Индонезия өкілдері қол қойды. Сонымен қатар, Индонезияның қазақ күресін дамытуға жауапты ұлттық федерациясы  ресми қауымдастырылған ұйым ретінде танылды. Бұл қадам қазақ күресінің халықаралық ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді дейді қауымдастық басшылары.