Шығыс Қазақстан облысында заңсыз кен өндірумен айналысқан «AK Metal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, серіктестікке берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана рұқсат еткен. Алайда зертханалық және технологиялық зерттеу деген желеумен темір кенін де өндірген. Кейін ол Қазақстанда және шетелде сатылғаны анықталды. Қылмыстық жолмен алынған табыс 1 млрд. теңгеден асады. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабаралуынша, кен өндіру жұмыстарының салдарынан топырақ қабаты бүлініп, жердің табиғи бедері өзгерген. Мұндай өзгеріс аумаққа елеулі техногендік әсер тигізген.