Түркістан
EN

Дзюдошылар әлем чемпионы атанды

35
24.08.2026

Еліміздің 18 жасқа дейінгі дзюдошылары Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем чемпионатында 11 медаль еншілеп, әлем чемпионы атанды.  Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтады. Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Жеке жарыстарда қазақстандық дзюдошылар 4 алтын, 3 күміс және 4 қола еншілеген. Осылайша олар отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.