Түркістан
EN

Сайрам ауданында ауқымды сенбілік өтті

38
24.08.2026

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Қарабұлақ ауылындағы «Қарасу» бұлағының маңына жиналған тұрғындар аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Жалпы аудан бойынша тазалық шарасына 1300-ден астам адам мен 27 техника жұмылдырылды.