Түркістан
EN

Сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланды

8
24.08.2026

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы құрылтайы депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі сайлау құқығына ие 12 миллионнан астам азаматтың  9 млн 350 мыңнан астамы саяси науқанға қатысқан. Оның ішінде 71 пайызы «Әділет» партиясына дауыс берді. Ал, 574 мың  адам «Ауыл» партиясын  қолдаса, Respublica партиясының жақтастары 510 мыңға жуықтайды. Сайлаушылар арасында ұсынылған 7 партияға да қарсы азаматтар болған. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.