Түркістан
EN

Құрылтай сайлауы заң талаптарына сәйкес өтті

24
23.08.2026

Бүгін Түркістан облысында 25 халықаралық байқаушы жұмыс істеді. Оның 18-і Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, ал 7-еуі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан келген.Соның бірі – Ресей федерациясына қарасты Курск облысынан келген Оксана Кириченко. Байқаушы бүгін күні бойы 10-нан аса сайлау учаскесін аралып, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын бақылаған. Айтуынша, ешқандай заң бұзушылық тіркелмепті. Керісінше, қызықты оқиғалар мен ерекше сәттерге толы болды,-дейді. Әрі дауыс берушілер де белсенді.