Түркістан
EN

Шетелде дауыс беру жалғасып жатыр

15
23.08.2026

Бакуде Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің әкімшілік ғимаратында орналасқан №426 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталуға жақын. Учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Яғни, қазақстандықтардың өз таңдауын жасауына әлі бір сағаттай уақыт бар. Консулдық есеп бойынша дауыс беруге тиіс 170 азаматтың 70 пайызына жуығы осы уақытқа дейін өз таңдауын жасап үлгерген.