Елдегі маңызды саяси науқанға спортшылар да белсенді қатысты. Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне әлемдік аренада Қазақстанның атын танытып жүрген ММА шебері Шавкат Рахмонов келіп, өз таңдауын жасады. Ал Алматыдағы №382 учаскеде биылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров дауыс берді. Михаил Шайдоровты сайлау учаскесінде Латвиядан келген халықаралық бақылаушылар бірден танып, Олимпиададағы өнерін көріп, Қазақстан спортшысына жанкүйер болғандарын айтты. Екі спортшы да елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.