Түркістан
EN

Сайлау учаскесінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

5
23.08.2026

Түркістандық Ернұр Құдайберген айтулы күні екі бірдей таңдау жасады. Ол 952 сайлау учаскесіне барып, ел ертеңі үшін дауыс беріп қана қоймай, болашақ жарына да отау құру туралы ұсыныс жасап үлгерді. Сүйіктісі Гауһар екеуінің бірін бірі танығалы 3 жылдан асқан. Енді екеуі дәл бүгінгі ел тарихындағы күнді отбасылық айтулы датамен ұштастырып отыр. Жігіт  ұсынысты кешкі уақытқа қалдырғысы келмегенін айтады. Өйткені мұндай ерекше сәттер дәл осы күні әлеуметтік желіде бірінен соң бірі тарап, жұртшылықтың назарын аударатыны сөзсіз. Сондықтан сүйінші жаңалығымызды ертерек бөлісіу үшін, күннің ыстығы да кедергі болмайды,-дейді Ернұр.