Сайлау учаскесіне бірге келген егіздер көпшіліктің назарын аударды. Бір күнде дүниеге келген Фатима мен Зәуре үшін бүгін ерекше күн. Бір – бірінен айнымай ұқсайтын олар дауыс беру кабинкасына кезекпен кіріп, таңдауларын жасады. Егіздер бір шаңырақта өсіп, бірге бойжеткенімен, әрқайсысының жеке таңдауы бар. 20 ға толған жас мамандар жастар практикасымен мектеп қабырғасында жұмыс істейді.