Ғасыр жасаған майдангер Ахмеджан Анартаев тарихи сәтте өз таңдауын жасады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіндегі сайлау учаскесінде көпшілікке ақ батасын беріп, ел тағдырын шешетін саяси науқанға бей-жай қарамай, белсенділік таныту қажеттігін айтты. Бүгінде Қарабұлақ ауылындағы тұратын майдангер 9 бала, 35 немере, 101 шөбере және 50 шөпшек сүйіп отырған үлкен әулеттің сүйеніші. Ғасыр куәгері болған абыз ақсақалдың сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс беруі отаншылдықтың жарқын үлгісі болды.