Түркістан облысы Түлкібас ауданында еркін күрестен жарыс өтті. Жас палуандар 3 күн бойы боз кілемде өзара мықтыларды анықтайды. Еркін күрестен спорт шебер Мұратбек Сүтімбетов пен Қасанғали Мылтықбаев еске алуға арналған турнир Алғабас ауылының спорт мектебінде ұйымдастырылды. Елдің әр-өңірінен 350 палуан келді. Айта кету керек, биылғы турнирге Өзбекістан елінің спортшылары да қатысуда. Боз кілемде 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Үш күндік жарыс жеңімпаз спорт шеберлігіне үміткер және спорт шебері дәрежесін алады.