Ақ жаулықты аналарымыз да саяси науқаннан тыс қалмады. Төлеби ауданының аналар кеңесінің мүшелері, «Домалақ ана» ансамблі құрылтай сайлауына ұлттық нақыштағы көйлек пен кимешек киіп келді. Көптің назарын өздеріне аудартқан әжелер, дауыс беруге келген сайлаушыларға ел тарихындағы елеулі кезеңде дұрыс таңдау жасай білудің маңызына тоқталды. Сондай ақ, өңір халқын болашағымызды айқындайтын құрылтай сайлауына белсене қатысуға шақырды.