Түркістан
EN

40-қа жуық байкер мотошеру ұйымдастырды

3
23.08.2026

Құрылтай сайлауы Қонаевта ерекше форматта өтіп жатыр. Қаланың орталық көшелерімен 40-қа жуық байкерден құралған мотошеру өтіп, тұрғындарға өзгеше көрініс сыйлады. Сап түзеген мотоциклдер, көк байрақ пен «Құрылтай» жазуы бар жалаулар қала көшелеріне мерекелік реңк берді. Шеруге кәсіпкер Мұрат Сіргебаев бастаған қала тұрғындары қатысты.  Бұл тек шоу емес. Байкерлер  ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үн қосып, шеру соңында сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Айта кетейік, Қонаевтағы сайлау күні әуе шары мен флайборд-шоуы сынды өзге де ерекше форматтармен жалғасып жатыр.