Құрылтай сайлауына қатысушылар қатары сәт сайын көбейіп келеді. Барлығы да ел болашағы үшін маңызды күнде өз байламдарын білдіруге құмбыл. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаев та маңызды шешім қабылдар күнде көп шаруаны ысырып қойып, бүгінгі саяси науқанда өз байламын жасады. Құрылтай – ел дамуы үшін аса маңызды екенін айтып, қала тұрғындарының белсенді қатысатынына сенім білдірді.