Түркістан
EN

8 млн-нан астам сайлаушы дауыс берді

2
23.08.2026

Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 8 млн 240 мың адам таңдау жасады. Бұл – сайлаушылардың 65,37 пайызы. Ақпаратты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова айтты.  Белсенділік бойынша Қызылорда облысы алда келеді. Сыр елінде сайлаушылардың 81,38% пайызы дауыс беріп үлгерген. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 76 пайыздан енді асты. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Яғни 36,65 пайыз. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.