Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына әскери қызметкерлер де белсене қатысып жатыр. Ұлттық ұланның 36 учаскесінде таңғы сағат 6-дан бастап дауыс беру басталды. Сарбаздар бөлім аумағынан тысқа шықпай-ақ, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды. Әскерилер арасында саяси науқанға алғаш рет қатысып жатқандар бар.