Ел болашағына тікелей әсер ететін саяси науқандарға зиялы қауым өкілдері қашанда бей жай қараған емес. Олар бұл жолы да халық аманатына адалдық танытатын белсенді саяси ұйымды жаңылыспай таңдауды мақсат етеді. Жалпы саяси науқан кезіндегі белсенділік–халықтың қоғамдық құрылымға деген сенімінің белгісі. Таңмен таласа таңдау жасап, еліміздің ертеңі үшін дауыс бергендердің бірі «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын - Айдар Сейдәзім. «Бүгінгі сайлау елдігімізді айқындайтын, болашағымызды білдіретін үлкен маңызды шара. Оған бір кісідей қатысудың өзі бірлігімізді, елдігімізді көрсетеді»,-дейді ол.