Түркістан
EN

Қайықпен келіп дауыс берді

2
23.08.2026

Адамның қиялында шек жоқ, іс-әрекеті де бір қалыпқа  сыймайды емес пе! Бүгінгі сайлауда Түркістан қаласының тұратын бозабала мен бойжеткеннің тосын шешімі көпті таңқалдарды.  Олар қаланың басты туристік нысандарының бірі, «Керуен-сарай» кешенінде орналасқан учаскеге  қайықпен жүзіп келіп, сайлауда өз таңдауларын жасады. Бұл креативті қадам сайлау күнінің ең есте қаларлық және жарқын сәттерінің біріне айналды. Сайлаушылардың бұл әрекеті мәдени орталықтың туристік әлеуетін паш ете отырып, маңызды саяси оқиғаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.