Түркістан
EN

Жеті жылға созылған жер дауына қатысты үкім шықты

313
06.05.2022

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының тұрғындары екі мыңға жуық гектар жерді даулап жүр. Нақтырақ айтсақ, Ықылас-Темір өндірістік  кооперативінің 38 мүшесінен бөлек, бөгде азаматтар жертелімінде үлестеріміз бар дейді. Қос тарап 7-жылдан бері осы мәселеге қатысты дауласып келеді екен. Түркістан облыстық соты күрмеуі қиын іске нүкте қойды. Ал қарсы тарап бұл жерлерде өздерінің үлесі бар екеніне сенімді. Сондықтан да «өндірістік кооператив туралы» заңының тәртібі бұзылғанын айтып, сотқа жүгінген. Екі жақты дәлелдемелерді саралай келе сот алқасы Қазақстан республикасының өндірістік кооператив туралы заңы бұзылған деген шешім қабылдады. Сот алқасы апелияциялық шағым ішінара қанағаттандырады деген қорытынды жасаған. Осылайша жер дауы апелияциялық шағым білдірушілердің жағына шешілді. Сондай-ақ Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілді.