Құрылтай сайлауынан мүмкіндігі шектеулі азаматтар да шет қалмады. Өзгелердің көмегіне мұқтаж болғандарына қарамастан олар да өз таңдауын білдіруде. Сайлау учаскелерінде мұндай жандардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Өңірдегі ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бүгін 170 автокөлік қызмет көрсетіп жатыр.