Сайлау науқанында ұлттық өнердің өркендеуіне үлес қосып жүрген мәдениет өкілдері де белсенділік танытуда. Солардың бірі «Құрмет» орденінің иегері, биші Ұлжалғас Мұстафаева. Ұрпақ тәрбиесі мен елдің рухани дамуын басты орынға қоятын өнер иесі тарихи сәтте сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Ол жаңадан жасақталатын заң шығарушы орган елдегі оң өзгерістерге ықпал етіп, келешек ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайды деген сенімде.