Отырар ауданында сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған егде жастағы азаматтар мен зейнеткерлерге сый-сияпаттар жасалды. Оларға естелікке кітап, орамал тарту етілді. Мәселен, көптеген жылдар бала тәрбиесімен айналысқан зейнеткер Тұрғанкүл Арынова алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол нөмірі 522 сайлау учаскесіне тіркелген. Жалпы, бұл сайлау учаскесіне 1704 сайлаушы тіркелген.