Түркістан
EN

Саяси науқан таңғы жаттығудан басталды

2
23.08.2026

Түркістан қаласының жастары Құрылтай сайлауын таңғы жаттығу жасаудан басталды. Орталық стадионға жиналған олар дене ширату қимылдарын жасап, таңғы ауамен жан сергітті. Шараны ұйымдастырушылар мұндай бастама  ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдау сәтінде саналы шешім қабылдауға негіз болмақ дейді.  Спорттағы тәртіп пен табандылық секілді қасиеттер қоғам өмірінде де өз жемісін береді.