Саяси науқанда облыс әкімі Нұралхан Көшеров те халықпен бірге өз кезегін күтіп, дауыс берді. Ол өз таңдауын конгресс холл көпсалалы кешенінде орналасқан № 951-ші сайлау учаскесінде жасады. Өңір басшысы бұл күннің ел тарихында алар орны ерекше екенін айтады. Сондай-ақ, алғашқы Құрылтай сайлауы – еліміздің келешегіне игі өзгерістер мен тың серпін беретінін жеткізді.