Түркістанда бірқатар сайлау учаскесінің комиссия мүшелері қазақы нақыштағы ұлттық киіммен жұмыс істеуде. Құрылтай атауының өзі ұлттық ұғымды айшықтайтындықтан, бұл бастама саяси науқанға ерекше реңк беріп отыр. Комиссия мүшелері ұлттық киіммен сайлаушыларды жылы қарсы алып, дауыс беру тәртібін түсіндіруде. Бастаманың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарихи маңызы бар сайлаудың мазмұнын айшықтау.