Құрылтай сайлауына ел азаматтарымен қоса атқарушы билік өкілдері мен мәслихат депутаттары да белсенді қатысуда. Таң сәріден дауыс беруге келгендердің қатарында қала әкімі Әзімбек пазылбекұлы мен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов те бар. Лауазымды тұлғалар саяси науқан туралы өз пікірін білдірді. Түркістан облысының тұрғындарын да алғашқы құрылтай сайлауына белсені атсалысуға шақырды.