Түркістан
EN

Алғашқы дауыс бергендерге Конституцияның жаңа нұсқасы сыйға берілді

5
23.08.2026

Бүгін ел болашағы үшін айырықша маңызға ие күн. Өйткені Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырудың маңызды кезеңі саналады.  Және ел дамуының жаңа сатысы. Сондықтан да  сайлаудағы әрбір дауыс пен азаматтардың белсенділігі ел болашағына қатысты шешім қабылдауға негіз болмақ.  Бүгінгі Құрылтай сайлауының барысынан  «Түркістан» телеарнасының тілшілері жедел ақпарат тарататын болады. Учаскелерде дауыс беру процесінің басталуынан бастап, сайлау аяқталғанға дейін әр үш сағат сайын эфирге жаңалықтар топтамасын ұсынатын боламыз. Дәл қазір тілшіміз Бекболат Тілеуберген Сауран ауданынан тікелей қосылымға шығуға әзір.