Түркістан
EN

Мәулен Әшімбаев халық сынына жауап берді

177
06.05.2022

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум 5 маусымда өтуі мүмкін. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Арман Қожахметов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, референдум бюллетенінде тек екі ғана жауап болады: "иә" немесе "жоқ". Депутаттың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға "қоғам үн қосқан". Ол әлеуметтік желідегі референдумға қатысты қызу талқылауларға қарап "референдумда халық белсенділігі жоғары болады" деп болжауға болады дейді. Ал, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституцияны «черновикке» айналдырдыңдар деп сынағандарға жауап берді. Ол бұл құжатқа жиі өзгеріс енгізіле береді деген сөзбен келіспейтінін айтады. Оның ойынша  Конституцияға шынында да сирек болса да өзгеріс енгізілген. 1995 жылы қабылданған ата заңға айтарлықтай көп түзетулер енгізілмегенін алға тартты.