Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Екі күнге созылатын бәсекеде ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесінде медальдарды сарапқа салады. Бұл туралы жарыс алдында өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Ұлттық құрама сапында халықаралық бәсекелерде топ жарып жүрген тәжірибелі саңлақтар бар. Әйелдер құрамасы да ел чемпионаттарында топ жарған ең мықты спортшылардан жасақталған. Бүгінде қазақ күресі әлемнің 40-тан астам елінде қарқынды дамып келеді. Осыған дейін Азия, Еуропа және Африка континенттерінде, тіпті Иран, Үндістан мен Бразилияда халықаралық турнирлер ұйымдастырылған еді.