Сайлау күні бірқатар шектеу қолданылады. Бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіріп, оны таратуға болмайды. Ал дауыс беру құпиясы сақталған жағдайда учаскеде суретке түсуге рұқсат. Сонымен қатар сайлау күні қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізуге және бұған дейін жарияланған үгіт материалдарын басты бетке қайта шығаруға жол берілмейді. Дауыс беру процесінің талапқа сай өтуі үшін комиссия мүшелерінің дайындығына да баса мән берілген. Ел бойынша 7 мың 570 семинар өткізіліп, 71 мың 270 комиссия мүшесі оқытудан өтті. Барлығы қашықтан тестілеуден өтіп, сертификат алған. Ал сайлау учаскелерінде БАҚ өкілдері, байқаушылар және аккредиттелген халықаралық бақылаушылар жұмыс істей алады.