Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

7
2026-08-21

Елімізде Құрылтай есімді 10 азамат тұрады. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел. Ерекше есім  Шығыс Қазақстан облысында кеңінен таралған. Онда 4 тұрғын осы атты иемденген. Құрылтайлардың тағы екеуі  Алматы қаласында  тіршілік етеді. Өзгелері Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында күн кешуде. 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста.  Мұндай қызықты мәліметті Ұлттық статистика бюросы бөлісті.