Алматыда қоғамдық көліктің ішінде төбелес болды. Әлеуметтік желіде үш ер адамның арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады. Онда ер адамның бірі қолына пышақ алып, екіншісіне ұмтылғанын көруге болады. Осы оқиғаға байланысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тәртіп бұзушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы орган өкілдері, қоғамға қауіп төндірген әр азаматтың әрекеті қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.