Түркістан
EN

Салықтан жалтарған кәсіпкер елге қайтарылды

37
21.08.2026

Ресейде жасырынып жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Аса ірі көлемде салық төлеуден қашқан азаматты Бас прокуратура өкілдері елге жеткізді. Тергеу мәліметінше, ол 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымды басқарып, декларацияға жалған деректер енгізген. Осылайша мемлекетке 290 миллион теңгеден астам салық төлеуден жалтарған. Ізін суытпақ болып шетелге қашқан кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған еді. Жауапкершіліктен қашқан азамат енді мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса, ол 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.