Елімізде енді дәрі-дәрмек айналымы цифрландырлық жүйеде бақыланады. Былтырдан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу үшін «бір терезе» қағидаты жүзеге асырылуда. Ал биыл дәрілік заттарды жедел сараптау аясында 63 шарт жасалып, 20 өтінім келіп түскен. Бүгінде «Әлеуметтік әмиян» цифрлық сервисі дамып келеді. Жүйеде дәрілік заттарды рецепт бойынша цифрлық түрде ұсынуды қамтамасыз етеді. Өткен жылы сервис арқылы 13,8 млн-нан астам цифрлық рецепт берілген. Дәрі-дәрмек айналымын цифрландыру заңсыз саудамен күресті күшейтуге мүмкіндік берді. Тек 2025 жылдың өзінде дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйесі арқылы заңсыз айналымда 21 мыңнан астам дәрі-дәрмек болғаны анықталған. Жаңа жүйе қазірдің өзінде шамамен 2,1 миллион пациент пен 692 медициналық ұйымды қамтып отыр.