Түркістан
EN

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

134
06.05.2022

Шымкентте апалы-сіңлілі екі қызды көлік қағып кетті. Оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің бағдаршам бағанын соғып өтіп, тоқтағаны көрінеді. Полицейлердің мәліметінше, «Hyundai» көлігін мінген келіншек, екінші автокөлікпен  қақтығыспас үшін рульді бұрып жіберген. Сол сәтте мектепке бара жатқан екі қыз бағдаршам түбінде тұрған екен. Зардап шеккен оқушы қыздар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.