Түркістан
EN

Тұмабұлаққа көгілдір отын келді

12
21.08.2026

Көптен күткен көгілдір отын Тұмабұлақ ауылына да жетті. Әйтеке би ауданындағы елді мекеннің 80 ауласы түгелдей табиғи газға қосылды. Игі іс  Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Сәуір айында басталған құрылысқа 827 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып, ауылға жалпы 53,6 шақырым газ құбыры тартылған.