Түркістанда жылыту маусымына әзірлік жұмыстары басталды. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында қыста пешке көмір жағатын отбасылардың үйін аралап, мұржаларын тазалап берді. Тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын дұрыс сақтаудың жолдарын түсіндірді.