Өңірде жаңа жеті мектеп пайдалануға берілмек

11
2026-08-20

Түркістан облысында жаңа оқу жылында жаңадан бой көтерген жеті білім нысаны пайдалануға берілмек. Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақта 300 орындық мектеп, Түлкібас ауданындағы Қарағаштыда Дауан мектебіне қосымша 150 орындық ғимарат  қыркүйекте білім іздеген шәкірттерге есігін айқара ашады.  Ал Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында үш ауысым мәселесін шешу үшін Бөкей хан мектебіне қосымша 150 орындық нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Абай ауылында да 300 орындық жаңа мектепте қоңырау соғылады.  Бұдан бөлек, Жетісай, Төлеби және өзге де аудандарда жаңа білім нысандары пайдалануға берілмек. Бұл ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасап, білім беру жүйесін жүйелеуге мүмкіндік береді дейді басқарма басшысы. Колледж студенттерінің жатақхана мәселесі де назарда. Орта арнаулы білім жүйесінде  де жаңа нысандар іске қосылмақ дейді сала басшысы.