Президент сирек металдарды барлау мен өңдеуді күшейтуді тапсырды

9
2026-08-20

 Әлемде сирек кездесетін металдар мен аса маңызды минералдарға деген бәсеке күрт күшейді. Себебі жоғары технологиялар заманында смартфон, компьютер, электромобильдер жасауға қажет бұл шикізатқа әлемде сұраныс еселеп артып отыр. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстанда мұндай бағалы шикізаттың қоры мол екенін айтып, оны ел игілігіне толық пайдалануды тапсырды. Президент тек жер қойнауын зерттеп қана қоймай, бұрыннан қалған тау-кен қалдықтарын да қайта өңдеп, кәдеге жаратуды міндеттеді. Сонымен қатар, саладағы артық бюрократияны жойып, отандық ғылыми зертханалар мен мамандар даярлауды күшейтуді тапсырды. Өйткені бұл бағытты дамыту еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды.