TikTok-та балағат сөз айтқан қызылордалық стример қоғамдық жұмысқа жегілді. Полицияның мәліметінше, 36 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны құқық бұзушылық жасаған кезде мас күйде болған. Сот шешімімен ол «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді құқық бұзушы 60 сағат бойы көше сыпырып, аумақты арамшөптерден тазарту секілді қоғамға пайдалы жұмыстарды атқарады.