Түркістан
EN

Отандық өнім өндірісі артты

46
20.08.2026

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 16 триллион теңгеге жетіп, ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесі 83 пайызға жетті. Саланың ілгерілуіне өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосып отыр. Мәселен, Түркістан облысында медициналық киімдер тігетін кәсіпорын өнімдерін отандық нарыққа ғана емес, көршілес елдерге де экспорттай бастады.