Түркістан
EN

Республикада 1500-ден астам ауыл таза ауыз суына зәру

107
05.05.2022

«Алдағы 3 жылда халық 100% таза ауызсумен қамтылуы керек!». Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында осындай тапсырма берді. Әсіресе, бұл мәселе Түркістан облысында өзекті. Аймақта 30 ауылда  су тарту үшін барлау жұмыстары жүргізілмеген. Үкімет отырысында қордаланған мәселені аяқсыз қалмауын шегелеп айтты. Аталған жобаларды қаржыландыруға басымдық берілмек. Олардың басым бөлігі жаңадан іске қосылатын объектілерді автоматтандыруға жұмсалады. Бұл инновациялық технологияларды енгізуге тиімді дейді Алихан Смайылов. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұл үшін 215 млрд теңге сұрап отыр. Оның ішіне ескірген су желісін жаңарту жобасы да кіреді. Еліміз бойынша барлығы 6 302 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 4 759-ы сумен қамтылған. 511 ауылға орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтау жөніндегі құрылыс жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Ал халық саны аз бір мыңнан астам ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылады.