Түркістан облысы Созақ ауданында диқаншылар бақша өнімдерін жинай бастады. Биыл өңірде 14 мың гектардан астам жерді игеру жоспарланған. Өңір климатының егін шаруашылығына қолайсыздығына қарамастан, шаруалар тиімді агротехникалық талаптарды сақтай отырып, мол өнім жинауда.