Екібастұзда есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді. Ең сорақысы – қылмыскерлер автогаражды толыққанды өндіріс орнына айналдырып, синтетикалық есірткіні ірі көлемде дайындаған. Полиция 10 келіден астам «альфа-PVP», 860 литр химиялық сұйықтық, арнайы реактор мен түрлі жабдықтарды тәркіледі. Зертхана жұмысын ағайынды екі жігіт ұйымдастарған. Ал олардың әрекетін сырттан мессенджер арқылы байланысқан куратор үйлестіріп отырған.